Георгий лентасы - еліміздің орыс империясының отар болғанын еске салып тұратын белгі

/uploads/thumbnail/20170708175550967_small.jpg

Георгий белгілері – тек қана сепаратизм символы ғана емес, бізді еліміздің орыс империясының отар болғанын еске салып тұратын белгі. Бұндай белгілермен ең алғаш рет Орта Азия мен қазақ жерін жаулап алған жауынгерлер марапатталған көрінеді. Қан мен жас өлшеусіз төгілген отарлану тарихымызды бетімізге басатын бұл қорлық белгіні бүгін біраз жастардың бойынан көріп, бойым түршікті. Биыл обалы не керек Үкімет те «абзалы осы» деп көк таспаны ұсынып жатыр, соған қарамастан «жонымыздан тілінген» деп айтуға келетін бұл таспаны таратушылардың артында бір зор күштер тұр-ау осы. Нұрлан Сәдір, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар