Ерлан Қарин: Ел мүддесі үшін бір бірімізді қамшылап жүрейік!

/uploads/thumbnail/20170708175550174_small.jpg

Бүгін Қуаныш Біләл бауырым, түскі үзіліс кезінде жолығып, Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне "Қамшы" қоры мен порталы тағайындаған құрметті белгіні тапсырып кетті. Бұл мен үшін үлкен абырой және жауапкершілік. Еліміздің үлкен бас тойын жекелеген азаматтардың өздері де атқарып, бастама көтеріп, Алматыда өнер жұлдыздары мен қоғамдық қайраткерлердің қатысуымен салтанатты кеш өткізіп, осылай аралсауы еліміздің баянды болашағына үлкен сенім ұялатады. Кез келген мемлекеттің тірегі ол оның азаматтары, ал егерде оның азаматтары белсенді болып, бірлікте болса ол мемлекеттің қуаты екі есе артады. Осындай марапат тағайындап, бізге тапсырғандағы құрметтеріңізді болашақта атқарар жұмыстағы сенімдеріңіз деп қабылдаймын. Ел мүддесі үшін бір бірімізді қамшылап жүрейік!

Ерлан Қарин, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар