Алматыда пропагандистер КСРО туын көтеріп жүр (видео)

/uploads/thumbnail/20170708175652450_small.jpg
Ту төңірегіндегі дау қоғамда қайта көтеріле бастады. Бұл жолы Мемлекеттік рәмізіміз емес, бұрынғы Кеңес одағының туы. Рас, сол баяғы, Қазақ Совет Социалистік Республикасының туы.

1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күнін тойлап жатқанда, бейбіт елдің берекесін қашыруды көздеген әлде бір провакатлар Алматы қаласының, Саин және Шальяпин көшелерінің қиылысында мотошеру ұйымдастырып, өздерімен бірге қылышынан қан тамған кеңестер одарығының қызыл байрағын көтеріп шыққан.

Соңғы уақытта әлеуетке ие болып келе жатқан әлеуметтік желі қолданушылары мұны провакациялық әрекет деп түсініп, заң алдында жауапқа тарту керек деген пікірлер білдіруде. Десе де, құзырлы органдағылар әзірге үнсіз. Яки, шатаққұмар шерушілердің үстінен әлі шағым түспеген.

Естеріңізде болса, қазақтың мақтанышы Гена Головкиннің кезекті жеңісінен кейін, Астаналық жігіт қуанышын бөлісіп, өз үйінің көшеге қараған болконына ҚР Мемелекеттік Туын іліп қойғанда, біздің шаш ал десе, бас алатын полицайлар патриот жігіттке 400 мың теңге көлемінде айыппұл салған болатын. Бұл кезде де әлеуметтік желі қолданушылары белсенділік танытып, жалпы халық болып жас патриотқа араша түскен болатын.

Рас, Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде мемлекеттік рәміздерді заңсыз пайдалануға жауапкершілік көзделген. Аталмыш заңның бұрынғы нұсқасында, мұндай әрекеті үшін 200 АЕК (айлық есеп көрсеткіші) көлемінде айыппұл көзделген. Ал көрші Ресейде дәл осындай жағдайда азаматқа 2000 рубль көлемінде ғана айыппұл салынады. Сол кезде, біздің парламенттегілер өздері мақұлдаған заңның жаңсақ екенін түсінді ме, әйтеуір бірқатар депутат ағаларымыз патриот жігітке қолдау білдірген болатын. Тіпті, бұрынғы Сенат депутаты Ғани Қасымов мызра "мұндай патриотизмнің үлгісін көрсеткен жігітке 400 мың айыппұл емес, 400 мың теңге сыйақы беру керек", деген еді.

Бұл Мемлекеттік рәміз. Дұрыс!  Оны құрметтеуіміз керек, заңсыз жерлерге пайдалана бермеуіміз керек. Әйтпегенде, айыппұл салынып, заң алдында жауапқа тартылады екенбіз.

Ал тапа-тал түсте, ашықтан-ашық, нацистік, националистік әрекетке барған бассыздыққа құқық қорғаушылар (полицайлар) тарапынан қандай жауап болады?

Мысалы, осының алдында Литваның Вильнюс қаласының тұрғыны, зергер Арвидас Гурявичюсті  құқық қорғау қызметкерлері өз балконына Кеңес одағы мен кеңестік Арменияның туларын іліп қойғаны үшін тұтқындаған.

Литвада кеңестік және нацистік рәміздерді дәріптеуге 2008 жылдан бастап тыйым салынған. КСРО туы, сондай-ақ орақ пен балға, қызыл бесбұрышты жұлдыз сияқты кезіндегі кеңестік символикалар Литвада заңмен қудаланады. Тіпті, кеңестік басшылардың портреттеріне де мұнда қатаң тыйым салынған.

Сондай-ақ, Украина мемлекеті де КСРО символдарын діріптеуге, туын, гимнін немесе басқа да белгілерін ел территориясында қолдануға заңмен тыйым салған. Латвияда да дәл осындай заң күшіне енген. Мұндай әрекет үшін 2,5 мың лат немесе 15 тәулікке қамауға алынады. Бұлардың қатарына Венрия, Эстония, Польша және Грузияда да кіреді. Яғни, бұл елдерде КСРО символдарына Конституциямен тыйым салынған.

Бізде ше? https://www.youtube.com/watch?v=rhz1YKOX7fY&feature=youtu.be Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар