Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарды келемеждеген Charlie Hebdo енді Украинада шығады

/uploads/thumbnail/20170708175654388_small.jpg

Франциядағы әлгі аты шулы журнал есіңізде ме? Иә, дәл сол Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарды келемежге айналдырып, карикатурасын сызып жүрген "Charlie Hebdo". Міне, енді журналдың украиналық нұсқасы шығатын болды. Бұл туралы франциялық сатиралық апталық журналдың баспасөз-хатшысы Франсуа Англанд (Francois Anglande) мәлімдеді. Тіпті, ол бұл жаңалығын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен. Англандтың айтуынша, жаңа журналдағы барлық материалдарды украиналық журналистер дайындайды. Ал Париждегі орталық офис тек журналдың украиналық нұсқасын жарыққа шығарумен айналысады. Сонымен қатар, Англанд журналдың алғашқы санының мұқабасын да жариялаған. Сонымен қатар, ол мұқаба карикатурасында бейнеленген саясаткерлерді жақсы танымайтынын айтқан. Жоба бойынша, мұқабадағы карикатуралық суретте мұнай құбырының үстінде мініп, жыныстық қатынас жасқа түсіп отырған Днепропетровкінің экс-губернаторы Игорь Коломойский, халық депутаты, журналсит Мұстафа Найем және Украина президенті Петр Порошенколар бейнеленген. Бұл өзкезегінде украиналық саясаткерлердің ашуын туғызған. Естеріңізде болса аты шулы журнал Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың карикатурасын бейнелегені үшін әлем мұсылмандарының сотына түскен болатын. Осы оқиғадан кейін, 7 қаңтар күні 3 бірдей қарулы адам журналдың Париждегі кеңсесіне басып кірген. Сол күні Charlie Hebdo-ның 12 қызметкері көз жұмған болатын. Ал 9 қаңтар күні Амеди Кулибали есімді террорист 20-ға жуық адамды кепілге алып, журналдың жабылуын талап еткен. Бұл жолы франциялық құқық қорғау қызметкерлері дереу әрекетке көшіп, террорист залалсыздандырылған. Адам шығыны жоқ. Журнал осы террактілерден кейінгі бірінші номерін "тірі қалғандар саны" деп атап, 14 қаңтар күні шығарды. Алдын ала болжамдар бойынша, журналдың тиражы 1 миллион дегенімен, журнал үлкен сұранысқа ие болып, осы журналдың осы санынын тағы 8 миллион көшірмесін шығарған. Бұл жолғы санында да Charlie Hebdo-лықтар пайғамбардың карикатурасын жариялаған. Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар