45 жастағы танымал әнші Дженнифер Лопес 28 жастағы Каспер Смартқа тұрмысқа шығуды жоспарлап отыр.
“Махаббат жасқа қарамайды” деген қағиданы ұстанған әнші адал сезімнен баз кешпей, тағы да күйеуге шықпақ ойда екен.
Бұл ретте Лопестің таңдағаны – өзінен 17 жас кіші Каспер Смарт есімді азамат. Смарт пен Джей Лоны үш жылғы қарым-қатынас байланыстырады.
Дженнифер Лопес үшін бұл – төртінші неке. Ал сүйіктісі бұған дейін отау құрмаған бойдақтардың қатарынан.
Белгілі болғандай, Лопес ұлан-ғайыр той жасап, 3 миллион доллар жұмсамақ ниетте. Бұл туралы popcornnews.ru сайты мәлімдеп отыр.