Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев Астана, Алматы және Шымкент қаласының жастары 12 мың теңгеге пәтер жалдап тұра алатынын айтты, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
-Ол жалдамалы баспана болады. Көп дегенде 3 жыл мерзімге созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюға шақырамыз. Жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемақысы — 10-12 мың теңге. Әкімдік өкілдері жастарға пәтерді жалға беру үшін нарықтан сатып алады. Осы санаттағы пәтерлерге үміткерлердің параметрлерін дайындадық. Бірінші талап - 29 жасқа дейінгі жастар. Екіншісі - жалға алатын адам міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Берілетін пәтерлердің аумағы 40-50 шаршыметр болады деп болжануда, - дейді министр Дархан Кәлетаев.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру