Мәскеудегі парад маңызын жоғалтты немесе Әлем Президенттері Ресейге барудан бас тартты

/uploads/thumbnail/20170708180051819_small.jpg

Осының алдында, Ресей әлем елдері қатарында "нацизимді"  жеңген мемлекеттің мұрагері ретінде айтарлықтай беделге ие болған болса, қазіргі "путиндік Ресей" үшін соңғы уақыттардағы саяси жағдайлар айтарлықтай кері әсерін тигізгені өтірік емес. Путин саясатының салқыны Ресейді Халықаралық саясаттағы ең маңызды ресурстардан айырды, беделі түсті(авторитетін жоғалтты).

Бұрындары 9 мамыр жақындағанда  қызыл алаңдағы жеңіс шеруін тамашалауға әлем президенттері лек-легімен ағылып жатса, бүгінгі жағдай мүлде бөлек. Рас, 1995 жылы жеңістің 50 жылдығында, 2005 жылы 60 жылдықта Мәскеу төрі дүниежүзі көшбасшыларының бас қосатын орнына айналған еді. Осы бедел Ресейдің халықаралық жанжалдарды шешуде бітімгерлік миссиясын орындауға, араласуға жол ашқан болатын. Алайда, соңғы саяси жағдайлар әлем елдерінің Ресейге деген көзқарасын, бұрынғы ұстанымдарын 180 градусқа өзгертті. Украина жанжалдары, Қырым аннекциясынан кейін Ресей - халықаралық ықпалын түсіріп, беделінен айырыла бастады. Бұрынғы "фашизмді" жеңген, нацизіммен күресуші Ресей бір-ақ, күнде "сеператистерді" қолдаушы, басқыншы мемлекетке айналып шыға келді.

Иә, 9 мамыр күнгі парадқа қайта оралайық. Сонымен, әлем лидерлері Екінші дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығына орай Мәскеуде өтетін "Жеңіс шеруін" тамашалауға бармайтынын мәлімдеді. Олар мұның себебін, "дипломатиялық моветон" деп түсіндірді.

11212284_1656814437871846_1931483297_n

Кімдер бармайды?

Ақпан айында, АҚШ президентінің кеңесшісі Бен Родс Барак Обаманың парадқа қатыспайтынын айтты. Ал 1995 жылы Билл Клинтон мен 2005 жылы Джордж Буш Мәскеудегі шеруді тамашалауға келген болатын.

Сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мырза да Мәскеуге келмейтінін хабарлап, Ресейдің Украина шығысындағы жанжалдарға қатысты және Қырым аннекциясына қатысты Владимир Путинге қарсылық нотасын жіберген.

9 мамырдағы парадқа Германия канцлері Ангеле ханым Меркельде келмейтінін мәлімдеді. Себеп сол. Украинаның территориалдық тұтастығы.

Ресейге наразылардың қатарында Жапония да бар. Премьер-министр Синдзо Абэ мырза Путинге жеке хабарласып Мәскеуге бармайтынын айтқан.

Польша мемлекеті бұл жолы қаһарына мінгенін танытты. Польшаның СІМ Гжегож Схетына Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күнін Ресейде емес, Берлинде тойлауды ұсынды.

Нидерландия премьер-министрі Марк Рютте Мәскеудегі шеруге өз елінің ешбір өкілі қатыспайтынын айтты.

Финляндия, Норвегия, Швеция лидерлері де Ресейге қырын қарап отыр. Олардың наразылығын тудырғаны - Ресей халықаралық нормаларды бұзғандығы және Украина шығысындағы жағдайлардың дестабилизациялануына бірден-бір себепкер - РФ деген айып тағуда. Бұлардың қатарында 9 мамыр күні Мәскеуге барудан баст тартқан - Австралия, Словения, Грузия, Бельгия, Канада, Люксембург, Израиль де бар.

Пост-кеңестік мемлекет лидерлерінен - Словакия, Болгария, Балтық елдері, Латвия, Эстония, Молдавия Президенттері келе алмайтындықтарын жеткізген. Себеп, Ресей мен ЕО-тың арасындағы саяси жағдайлардың ушығып тұрғаны болған.

Кімдер барады?

Чехия Республикасы Еуро одақ елдері арасында бірінші болып Мәскеудегі парадқа қатысатынын хабарлаған. Чех Президенті Милош Земанның айтуынша, Мәскеуге, Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысу, ата-бабаларға тағзым ету, құрметтің белгісі. "Қазіргі күнде, чехиялықтардың "неміс тілінде" емес, өздерінің ана-тілінде сөйлеп жүргеніміз үшін КСРО-ға рахмет айтуы тиіс",-деген Милош Земан мырза.

Греция премьері Алексис Ципрас мырза да осы позицияны ұстанатынын және шеруді тамашалауға қатысатынын жеткізген.

Ал нақты қатысатындардың тізімі төмендегідей болған.

Одақтас Белорусия президенті Александр Лукашенко, Қазақ көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев және Тәжікстан президенті Эмомоли Рахмон, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Индия президенті Пранаб Мукерлджи, ОАР Джейкоб Зума, Солт.стік Корея президенті Ким Чен Ын  мырзалар Мәскеудегі шеруді міндетті түрде тамашаламақ. Сондай-ақ бейресми Абхазия және Оңтүстік Осетия көсемдері мен Вьетнам, Куба, Моңғолия, Сербия президенттері де шеруді тамашалауға қатысады деп жоспарланған.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар