Қазақстанда ең қымбат эстрада жұлдыздарының рейтингісі жарияланды

/uploads/thumbnail/20170708180053462_small.jpg

Танымал қазақстандық жұлдыздардың өнер көрсетуі қанша тұрады? Ең қымбат бағаланатын отандық 10 әртістің тізімін “Время” басылымы жария етті.

Жарты сағаттық өнер көрсетуі үшін ең көп ақша алатын әнші – Қайрат Нұртас. Оны өз мерекеңе ән айтуға шақыру 8-10 мың долларға айналады. Ал Роза Рымбаева болса сәл азырақ сұрайды. Әнші өнері үшін 6 мың доллар алады екен. Үздік үштікке Нұрлан Абдуллин кірді. Ол жан дауыспен ән шырқағанына 5-6 мың доллар сұрайды.

Луина мен Ділназ Ахмадиева болса ортаңғы шептен көрінді. Луинаның 30 минуттық өнері 1 млн-ға, яғни 5376 долларға бағаланады.  Ал Ділназ Ахмадиеваның сұрауы сәл төменірек болып шықты.  Әнші 5 мың доллар алады.

Бүркіт, “КешYou” мен Бейбіт Қорған 4 мың долларға өнер көрсетуге дайын екен. “Үркер” тобы болса ән шырқауына 3 мың доллар алады.

Тізімдегі ең қолжетімді әнші Асхат Тарғынов болып шықты. Ол өз өнерін 2 мың долларға бағалап отыр.

Басылым тілшілері бұл тек кеште әншілердің өнер көрсетуі үшін ұсынылған бағалар екенін атап өтті. Оларды өзге қалаға шақыру үшін қосымша жол шығынын өтек қажет.

Қатысты Мақалалар