Бүгін Қазақстанның Халық әртісі, бар қазақтың абыз ақсақалы, Алаштың Асанәлісінің туған күні.
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режиссер, ҚР Халық әртісі ӘШІМОВ Асанәлі бүгін 78 жасқа толды.
Әйгілі актер 1937 жылы Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры.
1986 жылы Асанәлі Әшімовке «Шоқан Уәлиханов» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Асанәлі Әшімовтың 1995 жылы қазақ тілінде «Майраның әні», 2007 жылы «Арнау» бес томдық шығармалар жинағын, 2008 жылы «С любовью Ваш Асанали Ашимов» кітаптары жарыққа шықты.
Марапаттары:
1973 жыл - «Атаманның ақыры» фильміндегі ролі үшін К. Байсейітова атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы
1974 жылы - Театрдағы жұмыстары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы
1978 жылы - Қазақ КСР халық әртісі
1980 жылы - КСРО халық әртісі
2000 жылы - Кино өнеріндегі еңбегі үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығы
2001 жылы - Отан» ордені
2002 жылы - Жамбыл облысының құрметті азаматы
2003 жылы - «Қазақы оқиға» фильміндегі ролі үшін 1 «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі лауреаты
2007 жылы - «Құрмет» ордені
2007 жылы - Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО Халықаралық Академиясының «Алтын қыран» ордені
"Қамшы" порталы ұжымы Асанәлі Әшімұлын бүгінгі 78 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, отбасы шаттығын және творчествода табыстар тілейді.