Парадтан өтуге тиісті Ресей танкілері дайындық кезінде бұзылып қалды

/uploads/thumbnail/20170708180059138_small.jpg
The Cuardian: 70 жыл бұрын Совет танкілері Берлинге жетсе, бүгін Т-14 "Армата" Қызыл алаңды басып өте алмады.

Осыдан 70 жыл бұрын, екінші дүниежүзілік соғыс жылдары совет танкілері Берлинге дейін жеткен болатын. Ал су жаңа ресейлік "Армата" танкілері қарапайым парад кезінде Қызыл алаңнан жүріп өте алмады, деп жазады Ұлыбританияның The Cuardian басылымы. Бүгін Мәскеудің Қызыл алаңында 9 мамыр жеңіс күніне арналған әскери парадқа дайындық барысында су жаңа құрастырылған Т-14 "Армата" танкісі бұзылып қалған болатын. Алғашқыда  ұйымдастыру комитеті мұны жоспар бойынша тоқтатылды деп ақталғанымен, кейін белгілі болғандай әскерилер бұзылған танкілерді  орнынан қозғалта алмаған. Осылайша, танкілер бір күн бойы, репитиция алаңында тұрған.  Дайындық жұмыстары аяқталғаннан соң, танкілерді құрастырушы "Уралвагонзавод" қызметкерлері келіп, арнайы көліктің көмегімен алып кеткен. Естеріңізге сала кетейік, ертең РФ президенті Владимир Путин Мәскеудегі Қызыл алаңда Қазақстан, Белорусия, Қытай және т.б. мемлекет басшыларымен бірге жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадты қабылдап алады. Ал РФ Сыртқы істер министрлігі батыс журналистерін аталмыш келеңсіздіктен саяси астар іздеді деп сынға алған.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар