Бүгін Ресей Федерациясы Президенті В. Путин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бердібек Сапарбаевты "Достық" орденімен марапаттады.
РФ Президенті бүгін РФ мен арадағы достықты нығайтуға қосқан елеулі еңбегі, экономикалық және мәдени байланыстарды арттырудағы атқарған жұмыстары үшін бірқатар шет елдік саясаткерлерді, журналистер мен қоғам қайраткерлері марапаттау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды "Российская газета" басылымы.
"Достық" ордені мен "Пушкин" медалі 10 елдің азаматтарына берілген: Қазақстан, Франция, Белорусия, Иран, Румыния, Әзірбайжан, Болгария, Словения, Латвия және Өзбекстан.
РФ Президенті жарлығымен "Достық" ордені ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа, "Мәдениет арқылы Бейбітшілікке" ассоцациясының президенті Төлеген Мұхамеджановқа,Слевенск қаласының мэрі Марибор Андрейге, Румыния Ардагерлер бірлестігінің төрағасы Марина Драгнбға және Иран-Ресей сауда палатасының басшысы Ассдолу Асгароляди мырзаларға табыс етілді.
ШҚО экс-әкімі Бердібек Машбекұлы 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай аймағы арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды арттыруға үлкен үлес қосқан болатын. Содан бері аймақтар өзара сауда, экономикалық, инновациялық, ауыл шаруашылық, табиғи ресурстар, мәдениет және спорт саласында ынтымақтасып келеді.
Қазақстан Алтай аймағы бойынша ең ірі инвестор болып табылады. Тек 2014 жылы екі аймақ арасындағы сауда айналымы 463 миллион АҚШ доларын құраған.
Нұрзат Тоғжан
