Жұма күні Алматыдағы қарулы қақтығыс кезінде жеке компанияның бір қызметкері қайтыс болды.
Наурызбай ауданына қарасты Ақжар ауылындағы «РЭМ Кран» ЖШС қызметкерлері жұмысшыларға жалақысын беру үшін банктен ақша алып келген. Олардың қасында арнайы қорғайтын күзетші болмаған, ақша кәсіпорын слесарінің қолында болған.
«Олардың жанына күтпеген жерден белгісіз біреу келіп, травматикалық тапаншадан оқ жаудырып, 9 миллион теңге салынған сөмкені алып, жасырынған. Слесарь оқ жарақатынан жан тапсырды», – деп хабарлайды полиция өкілі.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде аталған оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалғанын айтты.