Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр лауазымына Асқар Маминды ұсынды

/uploads/thumbnail/20190211170508101_small.jpg

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Отырысты ашқан Мемлекет басшысы Үкіметтің халық алдындағы жауапкершілігі жайлы айтты. Әрі Парламенттің қарауына премьер-министр лауазымына Асқар Маминды  ұсынды. 

"Үкімет халық алдындағы бар міндетін нақты орындау үшін бар мүмкіндікке ие. Жауапкершілікті сезіне білу керек", - деді Назарбаев өз сөзінде. 

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев ақпанның 21-і Үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім қабылдаған еді. 

Ұсынған: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар