Қытайдағы робот тележүргізуші халықтық конгреске қатысады

/uploads/thumbnail/20190226160322894_small.png

Қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттігі әлемдегі алғаш робот тележүргізушіні жасап шығарды. 2018 жылы жергілікті «Синьхуа» ақпарат агенттігі Sogou.com компаниясымен бірге диктор роботты таныстырған болатын. Робот-журналист Синь Сяомен есімін иемденіп те үлгерген.

Алғашқы жүргізген бағдарламасы ютуб арнасында жарияланған.

Синь Сяоменнің эфирдегі бет-бейнесі мен іс-қимылын қадімгі жүргізушілерден ажырату мүмкін емес. Мұндай тележүргізуші Қытайда – екеу ғана. Тіпті өзара бір-біріне жалғану арқылы бір бағдарлама жүргізіп те шыға алады екен. Осы уақытқа дейін 3400 репортаж жазып, экран алдында 10 мың минуттан артық сөйлеп үлгерген.  

Робот жүргізушінің ресми тұсаукесері наурыз айында болады деп жоспарлануда. Робот-диктор ұлттық конгрестің отырысына қатысады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар