Бердібек Сапарбаев: Кешірім сұраймын... (видео)

/uploads/thumbnail/20190226160835161_small.jpg

Бүгін Ақтөбе әкімі Бердібек Сапарбаевтың соңғы жұмыс күні деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев бірге жұмыс істеген ақтөбеліктерге алғыс білдірді. 

"Біздің негізгі міндетіміз – халықтың әл-ауқатын көтеріп, жағдайын жақсарту. Мен соған еңбек етемін. Осы жиынға қатысып отырған ақтөбеліктерге алғысымды білдіремін. Егер сіздердің қолдауларыңыз, көмектеріңіз болмаса, біз осындай жетістіктерге жетпес едік. Егер артық сөз айтып, ұрысқан болсам, кешірім сұраймын. Көңілде ешқандай реніш жоқ. Барлығы жұмыс бабы болды. Тағы да алғыс айтамын", дейді Бердібек Сапарбаев. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар