Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

/uploads/thumbnail/20170708180141630_small.jpg

Қос мереке – Отан Қорғаушылар және Жеңіс күндері қарсаңында  дәстүр бойынша соғыс ардагерлерін, қарттарды студенттермен қауыштыру әдетке айналған. Биылғы кездесу 30 сәуір күні ҚазҰУ-нің «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы қалалық қарттар үйінде болды. Қарт ардагерлердің «төрт жылдай фашистермен соғысып «ерлік жасамай» сұрапыл соғыстан тірі оралғаным, 85-тен асқанша жұмыс істегенім аңыз ғой,»-, деп баяндағаны патриоттық сезімді оятты. Өздері және соғыс жайында мәнді әрі нақты адам сенгісіз деректерді келтіріп, сұрапыл соғыстың майданын көз алдымызға елестетіп, бір академиялық уақыт шеңберінде әңгіме сұқпатын айтты.  Тірі әке-шешесі бола тұрып балалық шақты көрмегені, мектепте оқығаны, бірнеше ашаршылық кезеңдерден өткені, елден елге күштеп көшірілгені туралы сөз қозғағанда, жастардың арасынан, «...ай, жалған заман-ай, көп жасап иманды бола беріңіз...», деген сөздер де естіліп жатты. Жасына қарамай сергек ақсақалдардың айтуы бойынша, алғашында біздерді тек жұмыс баталионына алса, сонан Жамбылдың үндеуі шыққан соң ғана соғысқа шақырыла бастадық деді. Соғыс мезгілінде қару-жарақсыз, бірнеше күн тамақсыз қалғандарын, қару құралы есебінде бөтелкеге құйылған жарылғыш заттары ғана болғанын, ал фашистердің моторлы көліктері, автоматты қаруларымен соғысқанын қынжыла әрі батырлана айтты. Қызығы, осынша күндерді басынан кешіріп жүргенін, батырлық жасадым демейді, «сол кездегі қатардағы жауынгердің бірі едім,»-, деп қорытындылады. Соғыстан оралған соң теміржолда тіркеуші және түрлі жұмыстар атқарып, мал асырап сексеннен асқанша отбасында отырып қалмай жұмыстан қол үзбепті, жұбайынан тоғыз жыл бұрын айырылған соң, теңдестеріммен бірге болйын деп қарттар үйін мекен еткен екен.  Тағы да бір ақсақалымыз соғыс жылдарында мектеп жасына толмай тұрып мақтаның қауашағын аршып, күніне 20 келі мақта өткізгені үшін нанға талон алғанын, сол бейнеттің зейнетін қазіргі кезде зейнет ақыға Президенттің жарлығымен қоса теңге төлеуде деп ризашылығын айтса, тағы бірі бидайдың масағын тергенін қызықты мәнмен айтып, жерді оған қоса елді сүюдің мағнасын баяндай отырып, қазіргі заманда өмір сүріп жүргендер ата мен әжелеріне борышты екенін тыңдаушыларға әсерлеп жеткізді. Ата-бабаларымыздың бастаған жолын жалғастыру үшін күнделікті оқудан әскерилердей тәртіпте жоғары деңгейде тереңдете үзбей білім алып, отанымыздың қажетті, сұранысқа ие маманы болуға отырғандарды шақырды. Кездесу мәнді өтті. Соғыс және тыл ардагерлеріне естелік ретінде студенттердің қолымен дайындалған, жасалған өнер туындыларын ұсынылып,  алғыс пен құрмет көрсетілді. Біз бүгін Жеңіс күніміздің жетпісінші көктемін қарсы алудамыз. Егеменді ел болдық, қандастарымыздың саны көбеюде, жеріміз көркейіп, еліміз қарқындап даму жолында. Іргеміз берік, қадамымыз құтты. Міне осындай ардагер ақсақалдар болғаны үшін біздер бақыттымыз, олардың жетістіктері мен отбасының көбейіп өскеніне куәгерміз, еліміз соғыс-тыл ардагер-батырларына көп жақсылық көрсетіп, тоқшылықта, бейбітшілікте өмір сүре беруіне мүмкіншілік жасап, майдангер ақсақалдарын бастарына көтеріп, қошамет көрсетуде екеніне қуанамыз.

1

Ұйымдастырушылар: С.А. Сулейманова, Н.А. Утемгалиева, А.Т. Алиакбарова, Г. Искакова

Дайындаған: С.А. Сулейманова

Қатысты Мақалалар