Меркел Мәскеуге не үшін барды?

/uploads/thumbnail/20170708180148418_small.jpg

Кеше Мәскеуде Германия канцлері Ангела Меркель ханым РФ Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Риа Новости.

9 мамыр қарсаңында Меркелдің  Мәскеуге баруын Батыс журналистері сыңаржақ бажайлағанымен, Ангела Меркел сапарының мақсаты бөлек еді.

Біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына, жеңістің 70 жылдығына орай, екі ел басшылары "Белгісіз жауынгердің" монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады. Бұл жеңімпаз Кеңестер одағының мұрагері - Ресей үшін абырой, міндет саналса, жеңіліс тапқан сол кездегі фашистік, қазіргі бітімгер - Германия үшін соғыс құрбандарына, ардагерлерге құрмет болғандай. Меркел ханым бұл қадамы арқылы - өздерінің бойындағы "фашизмді" жеңгендіктерін көрсетті. Путин мырза ше?

Екіншіден, Меркел ханым Мәскеуге ресми іс-сапармен келді. Ол Кремлде В. Путинмен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы сөйлесті. Алдағы уақытта да халықаралық мәселелерді бірлесіп шешуге, екі жақты қатынасты күшейтуге қатысты мәселелерді талқылады. Екі ел басшыларының кездесуі 2 сағатқа созылып, нәтижесінде РФ мен ЕО арасындағы байланысты арттыру, Украина дағдарысын бірлесіп шешу туралы келісімдерге қол қойылды. Ал Донбасстағы жағдайға ретке келтіруге  қатысты Путин мен Меркел "Нормад төрттігі" форматында келіссөздер өткізу туралы келісімге келді.

Ашық келіссөздер барысында Германия канцлері "саяси тұрақсыздық және дағдарыс кезеңінде ЕО мен РФ-ның бірлесіп жұмыс істеуі маңызды және біз  мәселені шешудің дипломатиялық жолын қарастыруымыз керек", деді. "Соның ішінде бүкіл әлемнің назарындағы "Украина дағдарысы" бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр және ол әлемдің машстабтағы мәселе",-деді Ангела Меркел.

Ал Ресей Президенті Путин мырза, "2014 жылғы Киев билігіндеді "антиконституциялық" мемлекеттік төңкерістерге қатысты Еуро одақ елдері мен Ресей көзқарастары бір үдеден шықпаса да, біз Украина дағдарысына қатысты, ондағы жағдайды ретке келтіруде ары қарай бірлесіп жұмыстар атқаруға дайынбыз",-деді. Сондай-ақ Путин, нормад форматы деп аталатын (құрамында РФ, Германия, Франция және Украина бар) келіссөздер  өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Біз дәл осы форматта талқылаулар өткізуіміз керек,деді Путин мырза.

Айтпақшы, Путин өзінің сөзінің соңында, Минск келіссөздеріне қатысты, "процестер белгілі бір деңгейде сұрақтарға жауап тауып бергенімен, кейбір күрделі мәселелерді шешуге қауқарсыздық танытады", деді.

Меркелдің Мәскеуге сапарының негізгі мақсаты - Украина дағдарысын шешуге бағытталған. Иә, басқа-басқа емес, Германия Украина дағдарысына, Қырым аннекциясына, Донецк Республикасы мен Луганск Республикаларындағы мәселелерге қатысты бітімгерлік жүргізіп отырған екі мемлекеттің бірі болып отыр ғой.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар