Ақтөбеліктер экс-әкім Бердібек Машбекұлын қимастықпен шығарып салуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Айта кетсек кеше Бердібек Сапарбаев Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып жаңа қызметке тағайындалған болатын.
Министрді шығарып салу шарасына жиналғандардың қарасы көп. Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарына алғыс айтты. Сондай-ақ ол бір сөзінде "Ақтөбеге қайтып келемін", деп айтып қалды.
"Көңілдеріңізге, ниеттеріңізге, осы жерге келгендеріңізге мың да бір рақмет. Бірақ мен қайтып келемін", дейді Бердібек Сапарбаев.
Іс-шарадағы видеоны Света Айтпаева мен журналист Асқар Ақтілеу өз Instagram парақшасына жариялады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramӘкім Ақтөбеге тағы келем деп жатыр ??? (видео авторы: Света апай @sveta_aitbaeva73)
Посмотреть эту публикацию в InstagramАқтөбеліктер Бердібек Мәшбекұлын шығарып салып жатыр.Жолыңыз болсын, Аға!
Сондай-ақ ақтөбелік тұрғындар да Бердібек Машбекұлына алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
"Осы отырған азаматтар келешекте "мынау Сапарбаевтың салғаны", деп айтады. Атыңыз аталатын болады. 67 жасқа келгенде ең ауыр, халыққа жақын министрлікте жұмыс істейтін боласыз. Біз сізбен мақтанамыз. Ақ жол тілейміз! Біз тілекшіміз. Абыройдың биігінен көрініңіз!", деп ақ жарма тілектерін айтты ақтөбелік тұрғын.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру