Солақай сөздік

/uploads/thumbnail/20190226182658463_small.jpg

Сатира жанрында қалам тербейтін Жүніс Қоқышұлының сөздігін оқырман назарына ұсынады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Парақор – алса сауығатын, алмаса ауыратын дімкәс.

Жағымсыз – сайтанның сапындағы пенде.

Мансапқор – қулықты мініп, сұмдықты жетелеген жолаушы.

Арызқой – ақты қарамен шимайлайтын шатпақ.

Сәнқой – сыртқы бейнесін ғана әрлейтін «шебер».

Баға – күн сайын өсіп, күшейіп тұратын «толағай».

Өсекші – «шығармасын» ауыздан ауызға тез таратып алатын «автор».

Жұлдыз ауруы – жас әншілерге ғана тиесілі кесел.

Асаба – жаттағанынан жаңылмайтын көжек.

Мақтаншақ – үрлеген сайын ісіне беретін шар.

Иініне тартқыш бастық – нағашы, жиен, ағайынын, құда-жекжатын, дос-жаранын түк қалдырмайтүгендейтін «шежіреші».

Су жаңа қазақ – бірнеше шет тілінде сөйлей алатын, ана тілін ұғынуға көнбей қалатын кержақ.

Санасыз тұрғын үй – құрылысшыларға ұнайтын, пайдалануға берілген соң аз жылда құлайтын ғимарат.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар