Таразда болған жарылыстың видеосы әлеуметтік желілерде таралды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылған. Жарылыс кезінде 2 адам қаза тапқан.
Таңғы сағат 6.31 шамасында Өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түскен. Көпқабатты үйдің екінші қабатында газ жарылған. Пәтердің 300-дей тұрғыны үй жанындағы №41 мектепке қауіпсіздікті сақтау мақсатында көшірілген.
Аталмыш оқиғаға байланысты Назарбаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына аттанды.
Апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №47 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдай жасалған. Медицина қызметкерлері мен психологтар тұрғындармен жұмыс істеп жатыр.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Пікір қалдыру