Ахметбек Нұрсила: Бар қазақ бай болса екен

/uploads/thumbnail/20190227110547632_small.jpg

Бизнес тренер, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің президенті Ахметбек Нұрсиланың керек кеңестері.

«Бар қазақ бай болса екен»

Дегенде біз қай байлықты айтып жүрміз? Сол жайлы бірер сөз.

Көп жандар дүниені ойлап қалуы мүмкін. Адам баласының 4 өлшемі, яғни 4 тұғыры бар. 4 аяқты жылқы сияқты. Бір аяғы кем болса, ол жылқыны дені сау деп айта алмаймыз ғой. Қазақтар ондайды төрт құбыласы тең деп те айтады. Төрт құбыласы тең, төрт өлшемі бай адамды бақытты адам деп айтса да болады.

  1. Байлығы, құбыласы: Денсаулығы мен материалдық жағдайы.

        Денсаулықты жоғалтсаң басқа дүниенің қадірі болмайды.

        Байлығы,құбыласы: Білімі. Білімсіз еш адам өмірдің мәнісін біле алмайды. Өзін              сенімді сезіне алмайды.

  1. Байлығы, құбыласы: Эмоция,көңіл-күй. Жақындарымен, басқа адамдармен қарым-қатынасы. Ар, абырой, құрмет. Қоршаған ортаңмен,әсіресе жақындарымен жақсы қарым-қатынаста болсаң, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүрген адам өзін бақытты сезіне алады.
  2. Байлығы құбыласы: Рухани дүниесі.Өзінің өмірінің мәнін анықтап, бұл жалғанға не үшін келді. Артына қандай із тастап кетеді. Адамдарға не жақсылық жасай алады. Осыны түсінген жанның жүрегінде тыныштық болады.

Дұрыс нәрсені дұрыс жасағанда ғана нәтиже болады 

Дұрыс жасау деген не? Дұрыс жасау деген осы бағытқа жету үшін істеп жатқан ТӘСІЛІҢ дұрыс па, соны тексеріп отыру керек. Дұрыс болса, біраз уақытта жақсы нәтиже беріп, мақсаттарыңа бір табан болсын жақындатуы тиіс. Ал дұрыс болмаса, не орныңда қаласың, не кейін кетесің. Егер  ТӘСІЛІҢ  дұрыс болмаса, қаншама беріліп қатты жапырып істесең де мақсатыңнан алыстай түсесің.

Адам - биологиялық машина! 

Жақсы ой-адамның ішкі қуатын оятып денесін сауықтырады.

Жаман ой - адамның иммунитетін түсіріп ауру әкеледі.

Сондықтан да, санамызға келіп кететін әртүрлі ойларды бақылауда ұстау керекпіз. Жаман ой ПАРАЗИТ сияқты тез тарайды. Оның нәтижесі —сәтсіз кәсіп, бекерге кеткен уақыт, нәтижесіз жоспар, әлсіз денсаулық. Пенде болған соң, адам миына күніне неше түрлі ойлар келеді. Алайда сол ойлардың сапалы, не сапасыз болуын өзіңіз шешесіз.


 Ұсынған: Әсем Мерекеқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар