Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаев төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Съезд партияның 20 жылдық мерейтойына ойластырылған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік салаға көп көңіл бөлу керектігі туралы айтылған Елбасының Алғы сөзі жемқорлық мәселесіне ұласты. Өз сөзінде Назарбаев жемқорлықты жоюды мақсат тұту керектігін ескерді.
"Жемқорлықты жоюға қатты көңіл бөлу керек. Әсіресе, жастар арасында. Биыл жастар жылы, олар - біздің болашағымыз. Ал партия жас кадрларды қолдауға көңіл бөлсін. "Нұр отан" мүшелерінің бәрі нағыз ұлтжанды болып, жоғары құрметке ие болуы керек. Біз бүгін сан қуаламай, сапаға көшеміз. Партия мүшелерінің сапасы маңызды
Партиялық шаралардың бәрінің мазмұнына аса көңіл бөлу керек. Біз халықтың шын жағдайымен танысып, шешімдерді ұсынуымыз керек. Бұл біздің қолдан келеді", - деді Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сьездегі баяндамасы жарты сағатқа созылды. Президент нақты тапсымалардан бастаған баяндамасын қарапайым тілмен аяқтап, партиялықтаға сенетінін айтты.
Елбасының сөзі "Алға, "Нұр Отан" деген ұранмен аяқталды.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру