Бұл туралы Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезінде айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Съезд барысында «Нұр Отан» партиясының ел дамуындағы маңызды рөліне тоқталған Елбасы мемлекеттің қуаттылығы халықтың тұрмысымен өлшенетініне назар аударды.
– Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен, тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан мен өзіме сенім артқан халқымды болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді, – Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Съездің маңызы туралы айтты.
– Бас партия болу деген басқару емес, елге адал қызмет ету болып саналады. Біз халық бірлігінің партиясымыз. Бүгінгі Съезд Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңінен жол ашып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезі өтуде. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 2000-нан астам делегат қатысуда. Съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданып, алдағы бағыт-бағдары айқындалады деп жоспарлануда.
Пікір қалдыру