Елбасы Мысыр президентіне қайғыра көңіл айтты

/uploads/thumbnail/20190228144854357_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Еске салайық, осыған дейін Каирде пойыз патқа ұшырап, 24 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз тағы бір пойызбен немесе платформамен соқтығысып, артынша өртенген. 

Ұсынған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар