Зерттеушілер америкалық Солтүстік-Батыс университетінің галереясында «Каталондық атлас» көне қолжазбасын ұсынды. Ғалымдардың пікірінше, онда тарихтағы ең бай адам бейнеленген екен.
Карта 1375 жылдары Испаниядағы Мальорка аралында жасалған. Туындыға үңіліп қарар болсақ, дәл ортасында сауда жолдарының қиылысқан тұсында қолына алтын тиын ұстаған батыс-африкалық король Манса Муса бейнеленген.
Манса Муса IX ғасырдың алғашқы жартысында Мали мемлекетін 30 жылдай билеген. Көрме кураторы Кэтлин Бикфорд Берзок картинаны таныстыруы барысында, Муса жайлы толығырақ таныстырып өтті. Айтуынша, өңірдегі әр алтын патшаның бақылауында болған. Ол жақтағы алтын ең таза саналған екен, сол себепті нарықта да сұранысқа ие. Мусаның алтынды көптеп өндіргені сонша, алтынның девальвациясы басталып кеткен.
«Бүгінгі күні дәл сондай байлыққа ие болған адам жоқ», - деді Берзок.
IX ғасырда Мали алтындарымен динарлар мен чекандарды жалату үшін пайдаланылған. Мұны тиындағы жазулар дәлелдейді. Онда «Муса өндірген алтыннан жасалған» деп жазылған.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру