Жойқын торнадоның салдарынан 22 адам мерт болды (видео)

/uploads/thumbnail/20190304115351415_small.jpg

АҚШ-та жантүршігерлік табиғат апатынан кейін бірнеше адам із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі wsfa.com сайтына сілтеме жасап.

Американың Алабама штатында торнадо болып, 22 адам көз жұмды. Тағы бірнеше адам әлі табылмағандықтан алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. Табиғи апат Ли 3 марта аймағында болған. Бұл туралы шериф Джей Джонс айтып берді.

АҚШ

Шерифтің айтуынша, қаза тапқан адамдардың саны 22-ден көп болуы әбден мүмкін.

Аймақтың коронері Ли Билл Харрис көз жұмғандардың арасында кішкентай балалар мен қарт адамдардың да бар екенін айтты. Ол өз сөзінде мұндай апатты алғаш рет көргенін тілге тиек етті.

АҚШ

Шығыс Алабаманың ауруханасына 40-тан астам адам түрлі жарақатпен келіп түскен. Алайда бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін екендігін айтады жергілікті атқарушы органдар.

Ондаған үйлер қирап, 35 мың тұрғын жарықсыз қалыпты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар