Әйелі мен еркегі тең саналатын мемлекеттер аталды

/uploads/thumbnail/20190304145901263_small.jpg

Бүкіл әлемдік банк зерттеушілері әлемнің 187 мемлекетіндегі гендерлік теңдік мәселесін зерттеп көріпті. Ол мемлекеттер арасында Қазақстан да бар.

Нәтижесінде, барлық критерийлер бойынша 100 балдық көрсеткіште тізімді бастаған 6 мемлекет мыналар: Бельгия, Дания, Латвия, Люксембург, Франция және Швеция. Ал ең төменгі көрсеткішті Ауғанстан, Қатар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауда Арабиясы, Судан, Иран көрсетті.

Ал Қазақстан 75,6 балдық көрсеткішпен ортаңғы шептен көрінді. Бір қызығы, еліміз Ресей мен Өзбекстанды басып озыпты. Ал Тәжікстан, Қырғызстан және Украинадан төменгі орында тұр.

Зерттеу барысында заңнамадағы және реформалардағы тиісті өзгерістерді есепке ала отырып, еңбек, мүлік, отбасылық құқық саласындағы көрсеткіштер ескерілді. Сарапшылар әйелдердің мүмкіндіктері мен экономикалық ауқымдылық мәселелеріне байланысты 35-ке жуық критериймен есептеді.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар