Әйел адам жұмыс істеу керек пе?

/uploads/thumbnail/20170708180512050_small.jpg

Әйел адам жұмыс істеу керек пе? Бұл мәселеде Қазақтың түсінігіне, тәрбиесіне жететін ештеме жоқ ау.. Батысты бір қиянға шығып кетті, арабтар екінші қиянға шығып алған баяғыда.

Мен өзім "Әйелдерді орамал тартқызып үйге отырғызып қою керек, бала тапсын" деген пікірге қарсымын. Бірақ әйел затынынң От басын асырау үшін жұмысқа жегілгенін де қаламаймын. От басын ОТ АҒАСЫ асырау керек. Ал әйел адам шынында да бала тауып, соларды дұрыс бағып қағумен айналысу керек.

Баласы жетілген соң әрине қолынан келетін, өзіне ұнайтын жұмыспен айналысса болады.. Әйеліне жұмыс істетіп қойып, өзі соның есебінен күн көрген еркек ЕРКЕКтік қасиетінен жоғалады! Ер баланы "Сен от басыңа жауаптысың, сен от басыңды асырау керексің" деп тәрбиелеу керек, олар өз отбасында соны көріп өсу керек!

Әйел нәзін жанды болып жаралды ма, солай болып қалу керек. Бала көтеру, оны табу, оны жеткізу деген ҒАЛАМАТ үлкен жұмыс! Үй шаруасы көзге көрінбейбіт ҒАЛАМАТ үлкен жұмыс! Әрине оқысын, қоғамдық жұмысқа аралассын, бірақ От басын асырау үшін белін бүгілтпеу керек. Жалғыз басты болса енді амал жоқ...

(Ахметбек Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасынан)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар