Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Наурыз мерекесін сән-салтанатымен атап өтті

/uploads/thumbnail/20190323130513404_small.jpg

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұлыстың ұлы күні Анкарада үй тігіп, Наурыз мерекесін сән-салтанатымен атап өтті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елші Абзал Сапарбекұлы, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшілері Ялчын Топчу және Ихсан Шенер, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің экс-спикері Хикмет Четин, ТҰҰМ депутаты, Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Йылдырым Тұғрыл Түркеш және басқа мемлекет, қоғам қайраткерлері, Анкарадағы дипломатиялық корпус басшылары, Ыстамбұл, Маниса, Ниғде, Сакариядан келген қазақ диаспорасы, Түркияда білім алып жатқан студенттер мен БАҚ өкілдері қатысқан шарада қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық киімдері мен ас мәзірі көпшілік назарына ұсынылды.

наурыз

Жаңару мен жаңғырудың құтты бастауына Қыдыр ата ақ батасын беріп, сахналық көрсетілім «Беташар», «Тұсаукесер» рәсімдеріне ұласты. Концерттік бағдарлама барысында Әмре, «Жігіттер» тобы, Қазақ ұлттық өнер университеті «Астана» фольклорлық ансамблі, «Отау» би тобы және ТҮРКСОЙ таланттары өнер көрсетіп, ресми қабылдаумен жалғасты.

наурыз

наурыз

Наурыз

Наурыз

 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Қатысты Мақалалар