"Қала атауын өзгерту — күн тәртібінде тұрған жоқ"

/uploads/thumbnail/20190326170325091_small.jpg

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Павлодар қаласының атауын өзгерту туралы мәселе қарастырылып жатпағанын айтты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Мен баспасөзден бұл материалды оқыдым, бұл партия  лидерлерінің бірінің жеке пікірі. Қазіргі таңда бұл мәселе  күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді Азамат Бәйтенов.

 Елорда атауын өзгертуді қолдауға арналған "Қазақстан-2050" демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында "Ақ Жол" демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса үш қала: Петропавл, Павлодар және Семейдің атауын өзгерту туралы мәселе көтерді. Павлодарға ол Кенесары ханның атын беруді ұсынды.

Айта кетейік, мұндай ұсыныс бұған дейін де бірнеше рет жасалған болатын. Әр жылдары Павлодарды Кереку, Нұрқала, Нұркент деп атау туралы бастама көтерілді.

Естеріңізге салайық, 23 наурызда Қазақстанның елордасы Астананың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді. Мұндай тапсырманы Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бергені мәлім

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар