Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегінде чемпиондық атаққа таласады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтының дерегін негізге алып.
Шавкат Рахмонов 30 наурыз күні Алматы қаласында өтетін M-1 Challenge 101 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді.
Жеңілістің ащы дәмін татпаған отандасымыз M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. 77 келі салмақта жұдырықтасатын Шавкат ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
BE STRONG промоушенінің вице-президенті Асылбек Дүйсенов Рахмоновтың беделді ұйым-UFC-дің қатарын толықтыруы мүмкін екенін айтты.
«UFС-ге жақындап келеміз. UFC Шавкатқа 4 жекпе-жектен тұратын келісімшарт ұсынды. Санкт-Петербургтегі 20 сәуірде өтетін UFC Fight Night 149 турниріне қатысуға мүмкіндігі болған. Алайда, оған қатысса, М-1 Challenge 101 турнирінің титулды бас тартуға тура келер еді», - деді Асылбек Дүйсенов.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру