Фамилияларды нұрландыруға қатысты министрлік түсініктеме берді

/uploads/thumbnail/20190328232413219_small.jpg

«1 сәуірден бастап әр қазақстандықтың фамилиясының басына «Нұр» сөзі жалғануы тиі»с. Бүгін әлеуметтік желіде осы мазмұнды ақпарат тарап, ел тұрғындарын әбігерге салды. Анықталғандай, бұл жалған болып шықты. Мұның мән-жайын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі түсіндіріп берді.

«Бұл – фейк. Мұның бірнеше дәлелі бар. Біріншіден, ақпарат Индустрия және цифрлық даму министрлігінің шешіміне сілтеме беру арқылы жазылған. Ал Қазақстанды ондай министрлік атымен жоқ. Оның үстіне белгісіз біреудің сөзін келтірген. Егер осы сынды шешім шықса, елге танымал мемлекеттік тұлға мәлімдеме жасар еді. Тағы бір айта кетерлігі, дереккөзі «Шудағы 1 сәуір» деп берілген. Осыған қарап-ақ ақпараттың жалған екеніне көз жеткізуге болады», - деді министрліктің баспасөз-хатшысы Айжан Мусинова.

Оның үстіне ақпарат Шу ауданындағы «Стабильная газета» басылымынан шыққаны анықталды. Аталмыш басылым қазақстандықтарды әбігерге салған ақпарат үшін кешірім сұрады.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар