Гептилге, протонға, Ресейдің Қазақстандағы Польша жеріндей әскери сынақ полигонына біраз қазақ қарсы шықты. Елшіліктерінің алдына барды. Митинг ұйымдастырды. Сол бір аз қазаққа көп қазақ күлді. Орыстілділердің көбі тіпті, арттарын ашып күлді. 30 мыңға жуық бөкен қырылып жатыр. Күлгендер күңіренгенсымақ болып отыр. Ертең "климат кінәлі, шөптің кесірі" десе таңқалмаймын.
Күлген мен өтірік күңіренгендер 2 жыл бұрын оюлы көк таспаға да күлген. Күле берсін. Ұлтшылдар мемлекетінің ертеңін ойлайды. Мемлекеттегі этностарды да ойлайды. Кім еді... әлгі... иә, Дуванов, Абилов деген демократтар, "Ақ жол!", "Алға!" дейтіндер қайда? Ауыздарынан "Ресей полигоны" деген сөз шықты ма? Шықпаса, кімнің сойылын соғып жүргені де белгілі.Айдос Жұқанұлы, Facebook парақшасынан
Пікір қалдыру