27 наурызда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының құлап, 13 адам қаза тапқан болатын. Апатқа ұшыраған тікұшақта Батыс Қазақстан облысының тумасы капитан Сырым Мәсәлім де болды. 29 жастағы әскери қызметкер Сырым ауданының Аралтөбе ауылында туған, сондай-ақ оның артында 3 баласы қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасай отырып.
Сырым Мәсәлім — Ақтөбе әуе қорғаныс күштері әскери инситутының түлегі. Марқұмның артында жары мен 3 жасар ұлы қалды. Сырым — отбасындағы кенже ұл. Екі әпкесі мен ағасы бар. Ата-анасы қазір Орал қаласында тұрады. Әкесі Мәлкей ұлымен соңғы рет кеше күндіз телефон арқылы сөйлескенін айтады.
Мәлкей Иманғалиев, Сырым Мәсәлімнің әкесі: Әлі сенбей тұрмын, балам жоқ деп. Дегенмен, Қарулы Күштер Департаментінен келіп кетті жаңа, 13 адам қайтыс болғанын айтты, соның ішінде сіздің де балаңыз бар деді. Балам мектеп бітіргенде өзі армандаған Талғат Бигелдинов атындағы әскери институтқа түскен. 2007-2011-де бітіріп, Ақтауға жіберілді. - дейді.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы