Танымал ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол өз карьерасында бұрын-соңды Димаштай әнші болмағанын айтты.
"Ол – космос бала. Менің карьерамда Димаштай әнші болмаған", - деп пікір білдірді Игор Крутой.
Ал Димаш болса Мәскеудегі концерттен кейін Игорь Крутойға алғыс айтудан шаршаған емес. Сондай-ақ Димаштың кезекті бейнебаянының қашан шығатыны да белгілі болды.
Игорь Крутойдың айтуы бойынша, "Шаршаған аққулар махаббаты" әніне түсірілген бейнебаян 10-15 сәуір аралығында көрерменге жол тартады.
"Бюджет жағынан да, сапа жағынан да алып қараған кезде, мұндай бейнебаян соңғы 5 жылда болмаған. Бұл — "бомба" болады деп ойлаймын", - дейді Игорь Крутой.
Еске салсақ, 8 наурызда Димаштың "Аққуым" әніне түсірілген бейнебаян жарыққа шыққан болатын. Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Шаршаған аққулар махаббаты" әніне түсірілген бейнебаянды да алғашқылардың бірі болып жариялайтын болады.
Аударған: Әсел Болатқызы