Қырылған ақбөкендер саны 100 мыңға жуықтап қалыпты. Билік те, халық та жайбарақат қалыпта... Өлді ме, өлді... Көп қырылды ма, көп қырылды... 30-жылдардағы қазақ ашаршылығына советтік қоғамның қалай жанашырлық танытқанын көз алдыма елестете алатын сияқтымын. Ақбөкеніміздің қырылуына қалай немқұрайлылық танытсақ, Сталиндік жүйе де дәл осылай самарқаулығын байқатты.
Сол кезде марқұм қандастарымыздың өлі денесі мына фотодағы аңдар сияқты кең далада шашылып жатқан болар? Сол кездің шолақ белсенділері де Мәскеуге қарай жалтақтап, өз сұрағына өзі жауап таппай дал болған шығар? Қазақтың соры бітпейді. Қазақтың "сорын қайнатқан" жоңғарлар мен Сталиндер емес. Мына Путин де "қайната" қояр деп ойламаймын. Қазақтың соры оның жалтақтығы мен самарқаулығында... Серік Абас-Шах
Пікір қалдыру