Тілге құрмет құлпынайдан басталады...

/uploads/thumbnail/20170708180831013_small.jpg

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН... ҚҰЛПЫНАЙ Бүгін сенбі. Есік алдында таңертеңмен машинамен келіп, құлпынай сатып жатыр. -Клубника! Местная! Каскеленская! Не дорого! Дауыстары жер жарады.

Аулаға шықтым. Қарасам, қазақтың екі жігіті. Орысша хабарлағанда, акценттері өзіміздікі, ауылдікі, Толстой тілінің түбін түсіреді. Сауда онша жүріп жатпаған секілді. Адам аз. Мүмкін, сенбі күні ертемен ел әлі ұйқысын аша қоймаған шығар, кім білген. Айттым: -Осы аулада тұратындардың көбісі - өзіміздің қара көз. Көбісін танимын, байқаймын, намысшыл бәрі. Сендер қазақша хабарласаңдар, бәлкім, саудаларың дөңгелене түсер... Біраз уақыттан соң үйге қайтып келе жатсам, манағы жігіттердің бірі жүгіріп келіп, рахметін жаудырып жатыр. -Аға! Сіз айтқан соң қазақша шақырып едік, адамдар келе бастады. Біразы бізді: "Клубника" емес, "құлпынай" дегендеріңе, таза қазақша шақырғандарыңа рахмет!", - деп мақтап жатыр. Құлпынайымызды да сатып алып жатыр... Түйін: тілге деген құрмет аулада сатылатын құлпынайдан басталады!

  Әміржан Қосанов, facebook

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар