Алматы әкімі Бауыржан Байбек Twitter желісінде өз парақшасын ашты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бауыржан Байбек әлеуметтік желіге тіркеліп, алғашқы жазбасын да жариялап үлгерді. Ол өзінің парақшасында бүгін Қоғамдық кеңес мүшелерімен біршама мәселелерді талқылайтынын айтты.
«Бүгін біз қаланың Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар маңызды мәселелерді, оның ішінде туризмді дамыту және Алматының ашық бюджетін жаңаша қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз», - деп жазады мегаполис әкімі.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Пікір қалдыру