Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық кеңестің жиылысы барысында «Көк-Жайлауға» қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
"Тау — біздің үлкен мүмкіндігіміз. Аустриялық мамандардың айтуынша, тау туризміне 1,5 млрд доллар құйылса, 7-10 жылда өз ақшасын ақтап, жыл сайын 2 млрд доллар пайда таба аламыз. Бұл Үлкен жоба арқылы 20 мың жұмыс орнын ашуға болады. Дегенмен, бұл жобаны әлі жетілдіру қажет. Курорттық аймақтарды жетілдіру үшін кем дегенде 3-5 жыл уақыт кетеді. Осы уақыт аралығында біржама тәжірибе жинап, сапалы кадрларды іріктейміз, халықтың пікірін білетін боламыз. Сондықтан «Көк-Жайлау» курортын салуды кейінге қалдырамыз." деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек
Жиын соңында Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов «Көк-Жайлау» мәселесін талқылауға ұсынды. Кеңес мүшелерінің барлығы дерлік қала әкімінің курорттық жобаны іске асыруды кейінге қалдыру туралы бастамасын қолдады.
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
Пікір қалдыру