2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс сайлауға саясаткер Марат Шибұтов қатысуы мүмкін үміткерлерді атады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости порталының дерегіне сүйеніп.
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда президент сайлауының ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетінің мәлімдеді.
Қазақстандық саясаткер Марат Шибұтовтың айтуынша, сайлауға еліміздегі 4 партияның басшылары қатыспақ. Сондай-ақ, бір немесе екі республикалық қоғамдық қауымдастықтың басшылары қатысуы мүмкін екен. Алайда, бұл әлі белгілі емес.
Сонымен қатар, саясаткер «Нұр Отан» партиясының атынан андай үміткердің қатысатынын атап өтті. Оның пікірінше, қғамдық қауымдастық Тоқаевты үміткер ретінде ұсынбақ.
Саясаткер Шибұтовтың айтуынша, ең басты мәселе – «Ақ жол», Халықтық коммунистер партиясы және «Ауыл» партиясының сайлауға қатысуы болып отыр.
«Менің ойымша, сайлауға Азат Перуашев, Айқын Қоңыров және Әли Бектаев қатысады», - деп айтып өтті саясаткер.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Пікір қалдыру