Нұрлан Нығматулин бүгін қабылданған кезектен тыс сайлау туралы өз уақытында жасалған өте қажетті және өте маңызды қадам деп баға берді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Н. Нығматулин: Сайлау өткізу туралы шешім демократиялық кағидаттың көрсеткіші. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім ол - өз уақытында жасалған өте қажетті және өте маңызды қадам екені сөзсіз. Сонымен бірге, ол демократиялық қағидаттарға толықтай жауап бере отырып, шын мәнінде, ел мүддесін қорғауға бағытталған. Себебі, жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде сайланған, ел таңдаған Мемлекет Басшысы халықтың сенім мандатына ие болады. Ал, президенттік сайлау кезіндегі әрбір азаматтың жүрек қалауы — ол Қазақстанымыздың саяси бағдарының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде, біз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыра отырып, Тұңғыш Президентіміз салған сара жолды одан әрі жалғастыратын боламыз.
9 сәуір ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу барысында кезектен тыс сайлау өтетіндігін мәлімдеген болатын. Сондай-ай кезектен тыс өтетін сайлау 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген.
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
Пікір қалдыру