Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық белбеуге қол жеткізді (видео)

/uploads/thumbnail/20190203102551958_small.jpg

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qsport.kz  порталына сілтеме жасап. 

Лос-Анджелес қаласында WBO Global және  WBS Continental Americas чемпиондық белбеулері үшін өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Олливаспен жұдырықтасты.  Қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп,  оның 16-сын жеңген тәжірибелі боксшы. 

Жекпе-жек 10 раундқа созылып, төрешілер   жеңісті бірауыздан Жәнібекке берді. 

Осылайша,  отандасымыз WBO және WBS белбеулерін иемденді. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қатысты Мақалалар