Қапшағайда әскери қызметкерді өлітірді және оның әріптесін жаралады деген айыппен кұдікті ұсталды. Прокуратура мәліметтеріне сүйенсек, күдікті- Қапшағай қаласының тұрғыны және өз еркімен полицияға келген. Ол қазіргі уақытта Қапшағай Ішкі істер басқармасының уақытша изоляторында қамауда отыр. Әзірге күдікті туралы басқа мәлімет жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 17 наурыз күні Қапшағайда әскери қызметкер өлтіріліп, әріптесі ауыр жараланған болатын. Қаза тапқан әскери техникалық взвод командирі Нұржан Тоқтамысов. Кейбір деректерге қарағанда, қылмыс түнгі клубтың маңайында болған. Алкогольдің әсерінен есірген бұзақыдан бойжеткенді құтқару барысында үш тәртіп сақшысының біреуі қаза тауып, екіншісі ауыр жараланып, үшіншісі қашып құтылып, жедел жәрдем шақырған. Дереккөз tengri.news
Пікір қалдыру