Миллион адам.... геноцид емес пе?

/uploads/thumbnail/20170708181051973_small.jpg

 Өткенде 9-мамыр жақындағанда еліміздің барлық ақпарат құралдарында алапат тасқын көтеріліп еді. "Ұлы жеңіс күні келе жатыр", "Жеңіс күнін саясиландырмау керек", "Отанымызды қорғағандарға тағзым ету керек" деп. Бірақ, қандай "Ұлы Отанды" қорғап қалдық, кімнен қорғадық деген сұраққа бірде-бір дұрыс жауап көрген жоқпын. Ол соғыста миллиондаған адам қаза болғаны рас: бірақ сол қырғынның басталуына Гитлермен қатар КСРО-ның жерін одан әрі ұлғайтып, қан төгуді басты саяси қағидатына айналдырған Сталиннің де жауапты екенін неге айтпайды? Сол "ұлы жеңіске әкелген" соғысқа дейін-ақ Сталиннің өз азаматтарын малша қырғанын неге жазбаймыз? Осыған байланысты репрессия құрбандарын еске алатын 31 мамыр жақындап қалғанын да білеміз. Аз-мұз БАҚ болмаса, сталиндік қуғынға ұшырап, жақысзы атылып, қамалып, айдалып кеткен миллиондаған қазақтың тағдыры туралы айтып жатқандар көп емес. Ал шын мәніне келсек, бұл қазақ халқына жасалған геноцид болған жоқ па? Және ең ауыры тек қазақ халқына қарсы жасалған жоқ, коммунистердің геноцидіне орыстың өзі де, украин халқы да, басқалары да тең дәрежеде ұшырады. Бірақ, соны әлі күнге дейін геноцид деп атап, арнайы заң қабылдап, сол оқиғаларға тарихи баға бере алмай келе жатырмыз. Бейбіт заманда миллиондаған адамды қырып жатса, бұл геноцид емей не енді?! Міне, бұл күнді барлығымыз бірге атап өтіп, коммунистік режимнің жазықсыз құрбандарын еске алуымыз тиіс. Осы себепті, 31-мамыр күні, сағат 11-00-де Наурызбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы саябақта орналасқан репрессия құрбандарының ескерткіші алдына жиналып, олардың рухына тағзым етіп, еске алсақ деген ұсыныс бар. Барлықтарыңызды соған шақырамыз.

Жанболат Мамай, facebook

Қатысты Мақалалар