Кеше ұлттық мемлекет құру жөніндегі дискуссияда латвиялық әріптесіміз Каспарс Кукелис сөз сөйледі. Қысқасы, қазақтардан төзімді халық көрмедім дейді. Мысалы, өткендегі "Шоколадница" деген кафенің төңірегіндегідей айтыс басқа елде болса, сол түнде кафені жұртшылық талқандап тастар еді немесе оны жергілікті билік сотпен жауып тастар еді дейді. Себебі басқа мемлекетте жергілікті халық өз тілінде ақпарат алуға құқықты. Бұған ешкім дау туғызбайды. Полиция болса кафені қоршап, а
паттан, өрттен сақтауға мәжбүр болар еді дейді әріптесіміз. Ел, ұлт боламыз десек, алдағы уақытта бірнеше заң қабылдауымыз керек. Бастылары - Мемлекеттік қазақ тілі туралы заң; Еңбек туралы заңнамаға қазақ тілін білуге тиісті мамандықтар тізімін енгізетін және тілді меңгеру сатыларын анықтайтын өзгертулер мен толықтырулар; Тұтынушыларды қолдау және қорғау туралы заңнаманы әрбір халыққа қызмет көрсету ұйымын қазақ тілінде ақпарат беруге міндеттейтін тұрғыдан күшейту; Әкімшілік және қылмыстық кодекстерге мемлекеттік тілді қорлағаны, заң талаптарын орындамағаны үшін көрсетілген жауапкершілікті күшейту бағытындағы қомақты өзгерістер.Айдос Сарым, facebook