Алтай ауданында жер үй түгелімен өртеніп кетті. Өрт салдарынан бір ер адам қаза тауып, қалған төрт адамды ауруханаға жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Өрт Путинцев ауылында болған. Үй өртеніп жатқанын көрген куәгерлер дереу құтқарушыларды шақырған. Көршілер өртке оранған үйден 65 және 35 жастағы әйелді, сонымен қатар 14-тегі қыз баланы және 4-жасар баланы алып шықты деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті. Зардап шеккендер жедел-жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, дереу ауруханаға жеткізілді.
«Өрт сөндіру кезінде 1965 жылы туған ер адамның мәйіті анықталды», - деді Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрттің жалпы ауданы – шаршы метр. Бұл жағдай электр желісін дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін.
Ұсынған: Маржан Сәбет
Пікір қалдыру