Маңғыстаудағы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» облыстағы 55 медициналық ұйыммен келісім шарт жасаған

/uploads/thumbnail/20190513104204407_small.jpg

Биыл  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» Маңғыстау филиалы (ары қарай –филиал) облыстағы 55 медициналық ұйыммен келісім шарт жасасты. Өңір бойынша қаңтар-ақпан айларында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 22 247  науқас емделген. Филиал сарапшылары мониторинг жүргізу барысында 2019 жылдың екі айында 572  әр түрлі заң бұзушылықтар болғанын растап отыр. 

 

         Филиал мамандары медициналық қызмет сапасын басқаратын электронды жүйені қолдану арқылы күн сайын стационарлық және стационарлық емдеуді алмастырушы медициналық көмекті бақылап отырады. Бақылау қызметті орындаушы медициналық мекемелердің  реестрінен басталады. Бұдан кейін келісімшартты орындау xаттамасы толтырып, акт жасалады. Бұл үрдіс күн сайынемделуге келген науқастың  санына байланысты болады.

- Бақылау кезінде қаңтар-ақпан айларында 572 заң бұзушылық орын алғаны анықталды. Барлық заң бұзушылықтардың 6,3%-ы, яғни 36 заң бұзушылық медициналық қызмет көрсету бағасының негізсіз қымбаттағанынан болып отыр. Ал 244 заң бұзушылық, яғни 42,7%-ы медицина қызметкерлерінің емдеу-диагностикалық шаралардан бас тартуынан туындаған, - дейді филиалдың медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Баспаева Мадина.

Мадина Баспаеваның айтуынша, қаңтар-ақпан айларында Денсаулық сақтау субьектілері қызметін төлеу ережелерініңкейбір нормалары бұзылған, атап айтсақ:

- медициналық нұсқаулықсыз көмек көрсету (30 заң бұзушылық),

- науқас туралы мәліметті стационардағы науқастардың электронды реестрона дұрыс енгізбеу (133 заң бұзушылық),

- науқастың жоспардан тыс қайта ауруxанаға түсуі (бір күнтізбелік айда емделген ауруына қайта шалдығуы) (6 заң бұзушылық).

         2018 жылдан бастап "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ, ТМККК пакетінің қаржы операторы қызметін атқарып келеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі бекіткен шарт бойынша, тұрғындар үшін медициналық қызметтерді сатып алады. Маңғыстау филиалы қызметтерді орындаушы клиникалармен  жалпы сомасы 25,886 млрд теңгеге 73 келісімшарт орнатып отыр. Екі ай ішінде 1024,060 мың теңгені құрайтын 1 келісімшарт қызмет көрсетуші тараптың  қалауымен бұзылды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар