Ақтау қаласындағы №6 орта мектептің базасында инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында ресурстық кабинеттің салтанатты ашылуы өтті. Ресурстық кабинет Маңғыстау облысы білім басқармасы мен «Дара» қорының «КЕДЕРГІСІЗ МЕКТЕП» атты бірлескен жобасы аясында ҚазақстандағыАҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен ашылды.
Инклюзивті білім беру - білім берудің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесінің трансформациялы бағыттарының бірі. Инклюзивті оқыту жалпы білім беру ортасында физикалық, интеллектуалдық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, балаларды жалпы оқыту ортасына қосуды қамтиды.
«Кедергісіз мектеп» жобасы «Дара» Қорының облыстық білім басқармасымен бірлігінде Қазақстандағы АҚШ елшілігінің «Шағын гранттық» бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балалардың мектепте білім алуына жағдай жасау, атап айтқанда: ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына кеңес беру және көмек көрсету, инклюзивтік білім беру тәжірибесін жүзеге асыратын мұғалімдерді әдістемелік қолдау, сондай-ақ үйде оқитын балаларды әлеуметтендіру. Осы жобаның шеңберінде инклюзивті ресурстық кабинет Петропавлда 2019 жылдың ақпан айында ашылды.
Ақтаудағы № 6 орта мектептегі инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті - бұл төрт аймақтан тұратын кеңістік: ата-аналар кеңесі аймағы,баланың демалыс аймағы, мұғалімдер мен мамандардың топтық жұмысы аймағы, сондай-ақ жеке сабақтар өткізу аймағы. Осылайша, мектепте кез-келген тұлғаны дамыту үшін әр түрлі атмосфера мен жағдайлар жасалады.
Алдағы уақытта ресурстық кабинеттек өздерінің емес, қаланыңбасқа да мектептеріндегі ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсете алады.
Ресурстық орталық жұмысы үйден оқытылатын балаларға ерекше назар аударады. Жоба шеңберінде балалармен араласу және қарым-қатынас жасау мақсатында әртүрлі сыныптан тыс білім беру іс-шаралары ұйымдастырылады. Осыған дейін мектеп оқушылары қаланың океанариумына, театрландырылған қойылымдарға барды және жоспарларға сәйкескиноға, театр қойылымдарына, аспаздық шеберлік кластарына бару ұйымдастырылады.
Бұдан басқа, «Кедергісіз мектеп» жобасы шеңберінде мұғалімдерді тұрақты түрде оқыту, басқа мектептердің педагогтарымен тәжірибе алмасу, білім берудің командалық жұмысы мен түзетуді қолдау жұмысы жоспарланған.
Пікір қалдыру