Меркель Рамазан айында мұсылман кәсіпкерлерді салықтан босатты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі fedpress.ru сайтының дерегін негізге алып. Салықтан босатылғандардың қатарында мұсылмандарға арналған сауда орындарының басшылары, кафе-ресторандардың иелері бар. Ангела Меркелдің айтуынша, бұл олардың өз тауары мен қызметінің бағасын төмендетуге ықпал етеді.
Бұл жарлықтың басты мақсаты ораза кезінде кәсіпкерлерді өз тауарларының бағасын арзандатуға шақыру. Яғни, бұл жеңілдік ораза ұстаған басқа да мұсылмандарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, арзан бағада қызмет көрсету үшін жасалған.
"Германиядағы мұсылмандардың көпшілігі құрметті әрі мейірімді. Сондай-ақ олар елдегі барлық Конститутция талаптары мен ережелерін мүлтіксіз орындайды. Ислам діні Германия елінің бір бөлігіне айналғанын жасыра алмаймыз", - дейді Меркель. Сондай-ақ Меркель билік кез келген дінге құрметпен қарайтынын атап өтті.
Аударған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру