"Made in Almaty" белгісіндегі автобустар жолға шықпақ

/uploads/thumbnail/20190515145314747_small.jpg

Қаланың экологялық тазалығына үлес қосу мақсатында Алматы шаһарындағы жолаушылар тасымалы қызметіне жақын арада электробустар қосылмақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі мәселе қозғап, қорытынды шешімді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

"Алматы автобус паркі екі жыл ішінде жалпы транспорттарды 80 пайызға жаңалады. Ендігі мақсат – қаланың экологиялық ахуалын жақсарту үшін электробустарды қолданысқа енгізу. ІІІ дәрежедегі автобустарды жинақтайтын қазақстандық-германиялық-гонконгтық зауыт осы бағыт бойынша жұмыс жасауда", - деді әкім.

Оның айтуынша, "Made in Almaty" белгісі бар алғашқы 10 жолаушылар тасымалдайтын көлік жақын арада жолға шықпақ.

Аударған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар